Сүйген жүрек (текст)

Сүйген жүрек — өмірдегі тірек,
Күні-түні соғар
Саған бақыт тілеп.
Сүйген жүрек — сағынған, жылаған
Жүрсін деп дін-аман
Тәңірден сұраған.

Қайырмасы:
Сүйген сенің жүрегім,
Мен де мұны білемін!
Әмір жүрмес ғашық жүрекке,
Аймалашы аяулап,
Жан сезімім арай бақ,
Бұдан асқан бақыт керек пе,
Аңсап сені сүйген жүрекке?

Сүйген жүрек —
Бір саған асыққан.
Ол үшін ғұмыр — мұң,
Ол үшін күн — думан.
Сүйген жүрек —
Таусылмас асыл ән
Сол сүйген жүректі
Мен саған ұсынам…

Қайырмасы:

 

Сөзі: Нәзира Бердалы

Әні: Марат Мәліков пен Павел Ли

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: