Сүйдім сені (текст)

Сүйдім сені бар жаныммен беріліп,
Сүйдім-ау сені көз жасыммен егіліп.
Сүйдім сені таңғы самал жел болып,
Сүйдім сені тамшы болып егіліп.
Сүйдім сені күнін күткен аспандай,
Сүйдім-ау сені толқын күткен тастардай.
Сүйдім бұлттай, мең-зең болып, сіресіп,
Тұрып қалған көздерінен жас тамбай.
Сүйдім сені жаңбыр күткен даладай,
Сүйдім-ау сені ұлын күткен анадай.
Ертешлі-кеш көк теңізге телміріп,
Сүйдім-ау сені ойға батқан жағадай.

 

Сөзі: С. Мәуленов

Әні: М. Жүнісова

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: