Қаратау кейде қарлы, кейде қарсыз,
Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз.
Дарияның жарға соққан толқынындай,
Көз салған көрінгенге көңіл арсыз.
Қайырмасы:
Әндір, әндір, әндір-ай,
Ішімді оттай жандырды-ай.
Ғашық болып қосылып,
Құмарымды қандырды-ай.
Сөйтіп жүрген Сұрша қыз,
Көңілімді қалдырды-ай.
Ахау, Сұрша қыз, енді есен бол!
Неше жыл жүрсем-дағы мен айдауда,
Шыдаймын, қажымаймын денім сауда.
Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам,
Сұрша қыз, көрісерміз Баянтауда.
Қайырмасы:
Сөзі: Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929)
Әні: Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929)
Орындаушы: