Арман ба екен, дүние-ай, арман ба екен,
Сұңқары бұл көңілдің самғар ма екен.
Аулың алыс қоныпты-ау, қимас қалқа,
Жолымызды қу жалған жалғар ма екен.
Жалғанда, жалғанда іңкәр,
Арманда, арманда сұңқар-ай.
Сұңқар біткен биікті шола ма екен,
Бұл тірліктің адамдар қонағы екен.
Қалқатайдың ауылы қоңсы қонса,
Шарасына көніл де толады екен.
Арман-ай, арман-ай, жаным,
Жалған-ай,
Самғады-ай,
Әнім…
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: