Қара таудың басынан көш келеді, әй-угай,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Сәулем айдай, сәулем-ай.
Шын туыстан айрылған қиын екен, әй-угай,
Екі көзден мөлдіреп жас келеді.
Сәулем айдай, сәулем-ай.
Ұшып жүрген аспанда ақ сауысқан, әй-угай,
Жыл он екі ай болғанда ай ауысқан.
Сәулем айдай, сәулем-ай.
Оралыңның барында күл де ойна, әй-угай,
Бұл жалғанның қызығын кім тауысқан.
Сәулем айдай, сәулем-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: