Дәйім менің мінгенім ұзын, құла ат-ей,
Екі жағы Ертістің малға суат, сәулем-ай,
Аулың алыс кеткенде, әттең, қалқаш-ей,
Осы әніме сала жүр дәтке қуат, сәулем-ай.
Маякский ақ жайлау,
Қашан құрбым сөз байлау.
Ғашық болып өзіңе,
Жатсам ұйқым келмейді-ау.
Алыста жүр ауылың, жуықта жүр-ей,
Жауайын деп ақша қар бұлттап жүр, сәулем-ай.
Кішкентайдан бірге өскен ей, қалқатай-ей,
Бір өзімнен көңіліңді суытпай жүр сәулем-ай.
Маякский ақ жайлау,
Қашан құрбым сөз байлау.
Ғашық болып өзіңе,
Жатсам ұйқым келмейді-ау.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: