Сәулем-ай (8-нұсқа) (текст)

Ай болмаса аспанда адасады,
Көтермесе көңілді кір басады, сәулем-ай.
Жақсылардың кеудесі алтын сандық,
Кілт болмаса сандықты кім ашады, сәулем-ай.

Саядағы бал қурай,
Сайра сәулем, құрбым-ай.
Жатсам ұйқым келмейді,
Елестеген құрғыр-ай.

Аулым менің сұрасаң бел тұрғанда,
Орамалың желпілдер жел тұрғанда, сәулем-ай.
Көзіме ешкім, қалқатай, көрінбейді,
Қарсы алдымда күлім көз сен тұрғанда, сәулем-ай.

Саядағы бал қурай,
Сайра сәулем, құрбым-ай.
Жатсам ұйқым келмейді,
Елестеген құрғыр-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: