Сәулем сенің сыртыңнан (текст)

Алып келген базардан темір шелек-ей,
Ойнағаның, күлгенің жаннан бөлек, сәулем-ай.
Аулың алыс кеткенде, қалқатайым-ай,
Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек, сәулем-ай.

Сәулем, сенің сыртыңнан,
Ғашық едім былтырдан.
Тамашаңа талпынып,
Талай адам ұмтылған.

Көз алдымда ақ жүзің күлімдейді-ей.
Бір өзімнен басқаға білінбейді, сәулем-ай.
Сен есіме түскенде, қалқатайым-ей,
Ұзақ таңға көзім бір ілінбейді, сәулем-ай.

Сәулем, сенің сыртыңнан,
Ғашық едім былтырдан.
Тамашаңа талпынып,
Талай адам ұмтылған.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: