Тау ішінде (текст)

Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.

Қайырмасы:
Ақ боз ат менің тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұңқарым.
Көкірек керіп жұттым мен,
Ауаның жазғы жұпарын.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.

Ән салдым есіп майда жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Толқынды мың құйылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.

Қайырмасы:
Ақ боз атым қояндай,
Еркелеп басар аяңдай.
Тербеді даусым ауаны,
Дыңылдап қалқып баяулай.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.

 

Сөзі: Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938)

Әні: Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938)

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=CTVHndo_Txw