Тағдыр сыйы (текст)

Бір тұман көңілден,
Жүргенде тарқамай,
Сәуле боп көрінген,
Сымбатты қалқам-ай.

Өзің боп оралды,
Арманым бір алыс.
Өзің боп жаралды,
Кеудемде қуаныш.
Тасытты жыр селін,
Көкейім күй тұнған.
Құпия бір сезім,
Оятты ұйқымнан.

Еркімді билеген,
Жайдарлым, қылықтым.
Сезімім күйреген,
Күндерді ұмыттым.

Өзің боп оралды,
Арманым бір алыс.
Өзің боп жаралды,
Кеудемде қуаныш.
Тасытты жыр селін,
Көкейім күй тұнған.
Құпия бір сезім,
Оятты ұйқымнан.

Сейілтті түнімді,
Көзіңнің жарқылы.
Сағынып үніңді,
Жүрегім балқыды.

Өзің боп оралды,
Арманым бір алыс.
Өзің боп жаралды,
Кеудемде қуаныш.
Тасытты жыр селін,
Көкейім күй тұнған.
Құпия бір сезім,
Оятты ұйқымнан.

Шалқысын жыр-арман,
Алаңсыз сүй, күнім,
Тағдырдан бір алған,
Ғажайып сыйлығым.

Өзің боп оралды,
Арманым бір алыс.
Өзің боп жаралды,
Кеудемде қуаныш.
Тасытты жыр селін,
Көкейім күй тұнған.
Құпия бір сезім,
Оятты ұйқымнан.

 

Сөзі: Төлеген Мұқаев

Әні: Мелс Өзбеков

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: