Таңсәріде (текст)

Самал желпіп тербеледі қарағай
Көк төсінде еркін жүзіп барады ай
Алтын айдай ақ сәулешім жанымда
Жүріп келем өзен бойын жағалай
Қырдың қызыл қызғалдағы қырмызы
Жымың қаққан көк аспанның жұлдызы
Сұлусыңдар таласпаймын, бірақ та
Ерекше ғой еркетайдың нұр жүзі
Көкжиектен таң келеді арайлап
Нұр жамылды, гүл жамылды бар аймақ
Нұр жайнайды аяулымның ақ жүзі
Күлімдеген күн жолына қарайлып.

 

Сөзі: Ж.Сәтібеков

Әні: К. Қуатбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: