Той базар (текст)

Той-той базар, той базар тойлай келдім-ай,
Алтын сақа қолға алып ойнай келдім құрбым-ай.
Танысым көп бұл тойда, бауырым көп-ай,
Айтыссам деп өзіңмен ойлай келдім, құрбым-ай.

Су ағады арықтан,
Қыз қарайды жабықтан.
Сүйер едім бетіңнен,
Ұяламын халықтан.

Ойға барсам – ой тегіс,
Қырға барсам – қой семіз,
Өтіп кетті-ау біздерден
Қайран жастық он сегіз.

Жүруші едің қолыңа домбыра алып, ай,
Домбыраның тиегін жондыралық, құрбым-ай.
Шыныменен көңілің болса менде-ай,
Екі ауылды бір жерге қондыралық, құрбым-ай.

Су ағады арықтан,
Қыз қарайды жабықтан.
Сүйер едім бетіңнен,
Ұяламын халықтан.

Ойға барсам – ой тегіс,
Қырға барсам – қой семіз,
Өтіп кетті-ау біздерден
Қайран жастық он сегіз.

Тауда өскен бүлдірген,
Қыз бен жігіт бір жүрген.
Ебін тауып ойнасаң,
Қыз бетінен сүйдірген.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: