Той (текст)

Тоқшылықтың белгісі —
Той көбейді.
Тойға келген қызулы бой көбейді,
Не өнерің болса да ортаға сал:
Өлең айтқын,
Би биле, сөйле мейлі.
Той көбейді бұл күнде, расында,
Той дегенде тасынбай тұрасың ба.
Шарттанасың, біреудің бір асылы,
Жатса егер қосылып бір асылға.
Алдарында бейбіт күн — алтын ғасыр,
Бейбіт күннің болмайды салтында сын.
Тойларың мен ойларың қанаттанып,
Күй күмбірлеп, әсерлі ән тыңбасын.

 

Сөзі: Ә. Асылбеков

Әні: М.Ілиясов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: