Толғау (текст)

Арман да арман, арман жұрт,
Алланың нұры тамған жұрт.
Сабира сағым көшкен жұрт,
Қырықтың бірі қонған жұрт.
Отырар болып қорғанып,
Түркiстан болып қомданып,
Алтын-ай қымбат аймаққа,
Алтын Орда боп орнадық.
Ұлы жүз болып қауғалап,
Ұлы бір өрттей қауладық.
Орта жүз болып қалам ап,
Ел намысын дауладық.
Кіші жүз болып күрестік,
Табансызбен тірестік.
Киелі байрақ қағалып,
Ел бірлігін сомдадық.

Көп түр болып жұмылып,
Көк бөрi болып ұлыдық,
Көк жүзі нұрлы сәуле боп,
Көк тасқа құйды жылылық.
Күлтегін болып көз жұмып,
Түкті боп қайта тіріліп,
Көк алмас қылы жүзіндей,
Жарқырай беру ұлылық.

Қабанбай болып ақырып,
Абылайлап аруақ шақырып,
Бөгенбай болып шүйліктік,
Жанардан жалын атылып.
Райымбек болып айбат қып,
Қарасай болып қайрат қып,
Махамбет бей жүр мiне,
Сенімiн жаудың жайратып.
Таптатып жерге ізгәрді,
Жүрегіміз сыздады,
Жалындап жапқан қазақпыз,
Желтоқсандағы ызғарды.
Бүгінгі жайды тыңдасаң,
Бақытым елім зор қандай,
Ғұмырың мәңгі жалғасар,
Жолыңды Алла оңғарар.

Көп түр болып жұмылып,
Көк бөрi болып ұлыдық,
Көк жүзі нұрлы сәуле боп,
Көк тасқа құйды жылылық.
Күлтегін болып көз жұмып,
Түкті болып қайта тіріліп,
Көк алмас қылы жүзіндей,
Жарқырай беру ұлылық.

Қара дала саф арман,
Жұмағым боп қашаннан,
Жазығы менен қыры бар,
Жарғысы менен шыны бар,
Жауынгердей жасанған,
Сары дала саф арман,
Ұлының бары оғылған,
Қызының бары қаһарман.

Көп түр болып жұмылып,
Көк бөрi болып ұлыдық,
Көк жүзі нұрлы сәуле боп,
Көк тасқа құйды жылылық.
Күлтегін болып көз жұмып,
Түкті болып қайта тіріліп,
Көк алмас қылы жүзіндей,
Жарқырай беру ұлылық.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Rin’Go

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=7VmOccJDzbY