Толқыма (Жаяу Мұса, текст)

Дарияның ортасында кеме-қайық,
Болғанда сіз ылашын, біз бидайық.
Жасымнан жаным сүйген сәулем едің,
Тағдырға жазбаған соң не қылайық.

Дарияның ортасында көрділ сені,
Сырғаңды қайық қылып өткіз мені.
Сырғаңды қайық қылып өткізбесең,
Болсаң да хордың қызы көрмен сені.