Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте,
Екі он бесте қосылса тең келмес пе,
Қалқатайдың бергені жарты мейіз,
Бөліп жесек екуміз олжа емес пе.
Есік алды топ шеңгел,
Топ шеңгелге келсең кел.
Топ шеңгелге келуге,
Өзіңе-өзің сенсең кел.
Қалам алып хат жаздым тәрбиалап,
Бүркіт салған жүреді тау қиялап.
Жапан түзге сен біткен бір бәйтерек,
Бұтағыңа жүрмесін қарға ұялап.
Есік алды топ шеңгел,
Топ шеңгелге келсең кел.
Топ шеңгелге келуге,
Өзіңе-өзің сенсең кел.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: