Жасымнан ұмытпаған ойда барсың,
Әл-қуат ақылымды алған жарсың,
Пәруана өлім іздеп түсер отқа,
Шын ғашық аямаған басын сотқа,
“Құрбандық тіршілігім” деген ғашық,
Мал түгіл басын салар расходқа.
Қапаста тоты-ай,
Махаббат оты-ай,
Жандырады жүректі-ай!
Ғашық отың
Ерке-ай тотым,
Өртендім-жандым,
Жүдетті-ай!
Сөзі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922)
Әні:
Орындаушы: