Туған ел (текст)

Туған жер қандай көркем мөлдіреген,
Желегі желмен ойнап желбіреген.
Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

Ыстық-ақ бүлдіргенді өзендерің,
Саяңда сайрап өскен өрендерің.
Мен едім соның бірі – қарыздармын,
Әлі де аз сіңірген өз еңбегім.

Қашанда қарыздармын, елім, саған,
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Туған ел, берерім көп менің саған.

 

Сөзі: Мәдеш Ниязбеков

Әні: Өмірбек Байділдаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: