Туған жер кіндігіңнің қаны тамған
Әкелер алақаны табы қалған
Ну егін, шалқар көлді, дархан белді
Көрінбес топырағы қайың-талдан
Өзге жер туған жердей ме
Жаныңды бұндай тербей ме?!
Жанаттан артық еліңді
Сүймесең, жүрек сембей ме?!
Туған жер маңдайыңның тері тамған
Барыңды соған ғана беру арман
Бақшаның өзің еккен өзің баптап
Тәтті екен миуасының сөлі балдан
Өзге жер туған жердей ме
Жаныңды бұндай тербей ме?!
Жанаттан артық еліңді
Сүймесең, жүрек сембей ме?!
Туған жер күркесі де саған сарай
Гүлі де, шеңгелі де балаусадай
Алты күн ауылынан ұзап шықса
Тұра ма ел анасын ер аңсамай?!
Өзге жер туған жердей ме
Жаныңды бұндай тербей ме?!
Жанаттан артық еліңді
Сүймесең, жүрек сембей ме?!
Сөзі: М.Әлімбаев
Әні: Б.Құрманғалиев
Орындаушы: