Туған жер сағынышы (текст)

Сағынып кетпей ойдан, туған жерім,
Елестеп көз алдыма асқар белің.
Шалғайда мен өзіңнен жүрсем-дағы,
Сипайды самайымнан қоңыр желің.


Тербеліп тал бесікте өскен жерім,
Қаз басып тұсауымды кескен жерім.
Есейіп елді танып, досты тауып,
Базарын өмірімнің кешкен жерім.


Бұлбұлдың салған әні шарықтаған,
Көгіңде бұлтпен бірге қалықтаған.
Сәлемін махаббаттың, туған жердің,
Келе ме құс жолымен алып маған.


Тербеліп тал бесікте өскен жерім,
Қаз басып тұсауымды кескен жерім.
Есейіп елді танып, досты тауып,
Базарын өмірімнің кешкен жерім.


Көлдерің аққу ұшып, қаздар қонған,
Қырларын қызғалдақты гүлге толған.
Тоғайың, сағым далаң еске түсіп,
Бұл күнде жүрегімде болдың арман.


Тербеліп тал бесікте өскен жерім,
Қаз басып тұсауымды кескен жерім.
Есейіп елді танып, досты тауып,
Базарын өмірімнің кешкен жерім.