Заулап келем асығып-ай, қара жолмен, қалқам-ай!
Маған деген, асылым-ай, жүр ме өкпең әлі тарқамай?!
Тасығаным — алтын дән-ай, тыным алмай күн-түні-ай
Келсеңші бір жарқылдап-ай, жайраң қагып, жайнап, шіркін-ай!
Айналайын, еркем-ай!
Ай жүзіңнің көркемі-ай!
Кездесейік қырманда
Еркетайым-ау, ертең-ай!
Айна көлдің аққуындай бір жүрейік, қалқам-ау!
Аяулым-ау, арманым-ау! Өкпең әлі-ақ ертең тарқар-ау!
Қолым тимей жүр ғой менің, мынау орақ кезінде!
Тал шыбықтай бұралған-ай, түсінерсің, сәулем, өзің де!
Айналайын, еркем-ай!
Ай жүзіңнің көркемі-ай!
Кездесейік қырманда
Еркетайым-ау, ертең-ай!
Сөзі: Қ.Жұмағалиев
Әні: М.Маңғытаев
Орындаушы: