Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан,
Кетпейді берген қант таңдайымнан, ашық жар.
Төрткүлде жерім,
Сағындым, елім.
Сүмбіл шаш, бота көзің,
Беу, дариға-ай.
Қасыңа келген адам кете алмайды,
Пейіштің жаратылдың қандайынан, ашық жар.
Төрткүлде жерім,
Сағындым, елім.
Сүмбіл шаш, бота көзің,
Беу, дариға-ай.
Деген соң әуел анар, әуел анар,
Бидайдың басын алса, түбі сабан, ашық жар.
Төрткүлде жерім,
Сағындым, елім.
Сүмбіл шаш, бота көзің,
Беу, дариға-ай.
Тілеймін әр уақытта жақсылықты,
Азаматы ауылымның болсын аман, ашық жар.
Төрткүлде жерім,
Сағындым, елім.
Сүмбіл шаш, бота көзің,
Беу, дариға-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: