Хайлаулим (текст)

Су шығар жалбызы бар шилі жерден,
Сөз шығар естімеген үлгілі елден,
Хайлаулим, хайлаулим-ай.

Сайрап қал, қызыл тілім, ел-жұртыңа,
Құтылған еш ақын жоқ қара жерден,
Хайлаулим, хайлаулим-ай.

Буындым белбеу алып, белім үшін,
Мал түсер барымтаға елім үшін,
Хайлаулим, хайлаулим-ай.

Артыңа арма десем қарамайсың,
Кетейін өлең айтып көңілің үшін,
Хайлаулим, хайлаулим-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: