Жылындық жүректердің сырыменен, Хорлан-ай,
Өткіздік шырынды шақ түнін ерен.
Санама сыяр емес менің тіпті, Хорлан-ай,
Қайрылмай кеткенің бе шыныменен.
Мазалап сенің жайың мені дәйім, Хорлан-ай,
Күндерім өтіп жатыр, не қылайын.
Тарылтты өрісімді тұсау-тірлік, Хорлан-ай,
Тарпаң ем тауда жүрген тағыдайын.
Өткен күнге өкпелі жандай әлі, Хорлан-ай,
Тартса да тәтті тұрмыс, ән баяғы.
Сол күндер сағым қуған сағындырды, Хорлан-ай,
Сары бала далада сарғаяды.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: