Шақыр, жаным (текст)

Жүректе гүл боп ашыласың,
Қалайша сырды жасырамын.
Өзіңді күтіп елеңдеумен,
Алдағы күнге асығамын.

Көзің – көңілімнің нұры,
Жаның – жүректің жыры.
Алыс жүріп жабырқадым,
Шұғыла шашып шақыр, жаным.

Аңсайды жалғыз көңіл сені,
Қол жетпес болма көгімдегі.
Толқын боп сені тербетейін,
Аққусың қонған көлімдегі.

Көзің – көңілімнің нұры,
Жаның – жүректің жыры.
Алыс жүріп жабырқадым,
Шұғыла шашып шақыр, жаным.

Арманым қашан сен келесің,
Құшақта қашан тербелесің.
Билейік, сәулем, тойымызда,
Ақ көйлек желмен дөңгелесін.

Көзің – көңілімнің нұры,
Жаның – жүректің жыры.
Алыс жүріп жабырқадым,
Шұғыла шашып шақыр, жаным.

 

Сөзі: Бақыткерей Ысқақов

Әні: Әлия Смағұлова

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: