Шолпанқұлға (текст)

Қош аман бол, Шолпанқұл, бұлбұл інім
Аттан озған тайында дүл-дүл інім
Жауды жеңіп жарқылдап аман келгін
Мінезіңді сағындым күлдіргі інім
Сағындым-ау Шолпанқұл, сарғайдым-ау
Жылдағыдай емеспін қартайдым-ау
Тасқа соққан қырандай топшым сынып
Төр алдында қозғалмай жантайдым-ау
Бозбалалар ауылдың көркі екен ғой
Қой бастаған алдында серке екен ғой
Жауды жеңіп жарқылдап, ту астында
Болатұғын күн барма бір үлкен той
Бозбаланың еркесі қайран Шөкем!
Жарқ-жұрқ етіп алдымнан шығар ма екен
Алатаудың бұлбұлы қайран, Шөкем!
Қай майданда жүр екен сайрап, Шөкем!

 

Сөзі: Кенен

Әні: Кенен

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: