Таң алдында Шолпан туса,
Тартқан сымдай белін буса,
Неше түрлі ән шырқайды.
Сол сипатты әнші Мұса.
Қайдан келдің былқ-сылқ етіп,
Гауһар тастай жарқ-жұрқ етіп,
Шыққан күндей жарқырайсың,
Сөйлесуге көңіл етіп.
Осы, хатты Мұса жазған,
Ән табылар өнерпаздан.
Құрбысымен тату жүріп,
Шағымшының тіліне азған.