Шын сүйген екенмін (текст)

Етемін деуші ең әр күнімді өлең
Кеттің бе тағдыр жаңбырыңменен
Армандаушы едім қосылады деп
Тағдырым қашан тағдырыңменен
Есіме алсам сенің бейнеңді
Өткенім қайта берілмейді енді
Қадіріңді ұқпай жұмыр жүрегім
Барлығын жалғыз жеңуді үйренді

Қайырмасы:
Қалауын жасап тайғанар уақыт,
Құшағын маған жаймады-ау бақыт,
Өзгені құштың қайтемін бірақ,
Мен сені жаным, сүйген екенмін!

Жанарға құйып төкпелі моншақ
Жанымнан ұзап кеткенің бе алшақ
Елесің ерке еске түскенде
Өкінем кейде өткенімді аңсап
Дауа боларсың жаныма бір сен
Еркелеп келіп бағыма кірсең
Сезімде қайғы болады екен – ау
Махаббатыңды сағына білсең!

Қайырмасы:
Қалауын жасап тайғанар уақыт,
Құшағын маған жаймады-ау бақыт,
Өзгені құштың қайтемін енді
Мен сені жаным, сүйген екенмін!

Қайырмасы:
Қалауын жасап тайғанар уақыт,
Құшағын маған жаймады-ау бақыт,
Өзгені құштың қайтемін бірақ
Мен сені жаныыым…

Шәмшідей жыршы болсам – ау шіркін
Сыйлар ем әсем әнімнің кілтін
Күн кеше алмай ойламай бір күн
Мен сені жаныым…

ШЫН СҮЙГЕН ЕКЕНМІН!!!

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Мұхан Абдукасым

Видеоға сілтеме: