ШыңғысХан (текст)

Заманының шежіресін шерткен кең дала,
Тарихқа таңба басқан қайсар,ер ғана.
Ерлігімен болған оның аты аңыз,
Даналығын біз қалай жасырамыз ?!
Тарихымыздың Ұлы тұлғасы !

Шың,Шың,ШыңғысХан,
Европа,Азияның барлығын жаулаған.
Шың,Шың,ШыңғысХан,
Қарулы қалың қолы өтсе от лаулаған.
Қайсарлық өрлігі,о хо хо хоу,
Батырлық ерлігі,е хе хе хей,
Ғасырды ғасырларға жалғаған …

ШыңғысХанды мойындаған әлем,күшінен,
Өмірін көп сериалы кино етіп түсірген.
Жортуылмен нағыз ер күн кешеді,
Қоңырат қызынан туған ұл деседі,
Тарихымыздың Ұлы тұлғасы !

 

Сөзі: Қ.Кәрбаев

Әні: В.Девятов

Орындаушы: Ел-Нур Алiмбай

Видеоға сілтеме: