Шәкірттер вальсі (текст)

Сусындап білім нәрін саяңда ұдай,
Көктемнің түлеп өстік бояғындай.
Анамдай қамқор болған ұстаздарым,
Әлі тұр көз алдымда баяғыдай.

Ұстаздық төзімдер,
Шәкірттік сезімдер.
Жылдармен жалғасып,
Барады алмасып.

Өзіңнен бастау алған бұлақтарым,
Ашылып әр жүрекке сыр ақтардың.
Алдыма тартқандайсың арман қылып,
Өмірдің жұмбағы мол сұрақтарын.

Ұстаздық төзімдер,
Шәкірттік сезімдер.
Жылдармен жалғасып,
Барады алмасып.

Алсам деп ұстаздықтың ізгі салтын,
Атыңа естіген жұрт қызығатын.
Оқумен сенде өткен әр жылымда,
Жас шақтың бейнесі бар жүзі жарқын.

Ұстаздық төзімдер,
Шәкірттік сезімдер.
Жылдармен жалғасып,
Барады алмасып.

Албырт шақ: әр нәрсеге көңіл ауды,
Білгенге ұмытылмастай өмір-ау бұл.
Шақырған шәкірттердің ой толғауға,
Үні тұр құлағымда қоңыраудың.

Ұстаздық төзімдер,
Шәкірттік сезімдер.
Жылдармен жалғасып,
Барады алмасып.

 

Сөзі: Қ. Смағұл

Әні: Н. Дүкенбай

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: