Шөже (текст)

Қаржаубайдың баласы ем атым Шөже,
Тамағыма жақпай тұр күйген көже.
Жеті жаста құдайым көзімді алып,
От басында отырмын болып еже.

Қайырмасы:
Ах-ау, қаудыр, қаудыр-ай-ау…
Шорман байдың баласы Мұса мырза,
Бұл ісіңе болмай тұр халқың ырза.
Соқыр келсе басыңды көтермейсің,
Біз соқыр жеп кететін қасқырмыз ба?

Қайырмасы:

Сен бәйтерек болғанда біз көбелек,
Дүниенің төрт бұрышы дөп-дөңгелек.
Асылғанда бұтағың көтермесе,
Құр бәйтерек болғаның неме керек?

 

Сөзі: Шөже Қаржаубайұлы (1803-1884)

Әні: Шөже Қаржаубайұлы (1803-1884)

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: