Жаз болса жарқырыған көлдің беті,
Көгеріп толқындайды, япыр-ай, алыс шеті.
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын
Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі.
Алтын бу ақ көбіктен бетін жабар,
Судан бу көкке төніп, япыр-ай, маржан тағар.
Есіме ақ еркемді алған кезде,
Ақмаржан жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар.
Сөзі: Мағжан Жұмабаев
Әні:
Орындаушы:
Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=EkipzrumBsE