Іздедім сені (текст)

Іздедім сені, бімедім сені,
Қайдасың, қалқам, қай жақта?
Жаныммен құлап қалдың-ау ұнап,
Кез болып маған бейуақта.
Жаныммен құлап қалдың-ау ұнап,
Кез болып маған бейуақта.

Өкініш көміп, барады сөніп,
Үміттің шоғы азайып.
Өңім бе екен, түсім бе екен,
Қапыда көрген ғажайып?
Өңім бе екен, түсім бе екен,
Қапыда көрген ғажайып?

Көлеңкең көлбеп көрінсе, сен боп,
Қуаныш етер мен пенде.
Жалт етші дәтке бір ғана сәтке,
Сүретің қалсын кеудемде.
Жалт етші дәтке бір ғана сәтке,
Сүретің қалсын кеудемде.

 

Сөзі: Н.Шәкенов

Әні: М.Маңғытаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=TEXZSGl5EeU