Өлең басы бісміллә шеттен дейд(і)-ай, оу,
Бісмілләсіз айтқан сөз бөтен дейд(і)-ай, ой.
Ілік-ай, сәулем,
Ілік айдай,
Келсе шамаң,
Күліп ойн(а)-ай!
Бісмілләны аузыңа үш келтірсең-ау,
Шайтан қашып жолыңнан кетер деймін-ау.
Ілік-ай, сәулем,
Ілік айдай,
Келсе шамаң,
Күліп ойн(а)-ай!
Ақын емес, мен өзім ақ маңдаймын-ау,
Ақынмын деп ешкімге мақтанбаймын-ау.
Ілік-ай, сәулем,
Ілік айдай,
Келсе шамаң,
Күліп ойн(а)-ай!
Айтар кісі алдыма кез келгенде-ау,
Қыбыладан қызыл жел соққандаймын-ау.
Ілік-ай, сәулем,
Ілік айдай,
Келсе шамаң,
Күліп ойн(а)-ай!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: