Жылқы айдаймын көшкенде кер кекілмен, ай-угай,
Ауық-ауық аймалап жел бетімнен.
Іркужан жан-жан-ай,
Үкілі бағылан-ай.
Көш жөнекей шырқатып ән салғанда, ай-угай,
Қыз-келіншек шаттанып тербетілген.
Іркужан жан-жан-ай,
Үкілі бағылан-ай.
Қыздың аты қыз емес, қызыл бидай, ай-угай,
Түнде жүрем қыз үшін көңілін қимай.
Іркужан жан-жан-ай,
Үкілі бағылан-ай.
Белде белбеу қалмады, баста бөрік, ай-угай,
Қызды ауылдың жеңгесін, сыйлай-сыйлай.
Іркужан жан-жан-ай,
Үкілі бағылан-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: