Ауылым көшіп барады Анқатыға-ай,
Зер салдырсам жарасар шарқатымай.
Ай, Іңкәш-ай, үкілім,
Сәулем-ай, аман бол.
Бес-алты ауыз жел сөзді мен сөйлейін,
Іштің шерін азырақ тарқатуға.
Ай, Іңкәш-ай, үкілім,
Сәулем-ай, аман бол.
Жатпайды екен иті үріп таудағының,
Болмайды екен қадірі саудашының.
Ай, Іңкәш-ай, үкілім,
Сәулем-ай, аман бол.
Теріс арқау жиырмада тентек жаста,
Ұстараның жүзіндей аума, күнім.
Ай, Іңкәш-ай, үкілім,
Сәулем-ай, аман бол.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: