Ғажайып түс (текст)

Бояу беріп таңыма, түсіме ендің тағы да,
Жүрегіммен жүрмін аңсап сені сағына.
Бәрі бекер деймін де, үміт артып кей күнге,
Елеңдеймін, сені келер ме екен деймін мен.

Қайырмасы:
Жаққанда қала шамдарын,
Сені іздеп атты таңдарым.
Тағдардың ісі ме?
Білемін қайта келмейсің,
Көнсе де көңіл сенбейсің,
Кірмеші енді түсіме.

Түсіме ендің тағы да, үміт сыйлап жаныма,
Күрсініп күз әлем, боянғанда сарыға.
Түн жарығы сөнгенде, түн жұлдызы төнгенде,
Ойла сенде мені, ғажайып түс көргенде.

 

Сөзі: М.Ынтықбаев, А.Бажанова

Әні: М.Ынтықбаев, А.Бажанова

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: