Айналайын көзіңнен жалт-жұлт еткен,
Кім бар екен бұл жерде саған жеткен.
Ғазизагүл,
Қарағым-ай,
Қабағың-ай,
Ақ қағаздан аппақ тамағың-ай.
Алты айналып шықсам да жер-жаһанды,
Перизатты таппаспын сенен өткен.
Ғазизагүл,
Қарағым-ай,
Қабағың-ай,
Ақ қағаздан аппақ тамағың-ай.
Алып келген базардан бозбелбеуім,
Бозбелбеуім болса да, өз белбеуім.
Ғазизагүл,
Қарағым-ай,
Қабағың-ай,
Ақ қағаздан аппақ тамағың-ай.
Аулың алыс кеткенде қиыр қонып,
Есен-аман жүрмісің, көзкөргенім.
Сөзі: Халық әні
Әні: Белгісіз
Орындаушы: Белгісіз
Видеоға сілтеме: Белгісіз