Қолдан ұршық иірдім қорғасыннан,
Саған ғашық мен болдым он жасымнан.
Ғазиза қарақ-ай,
Өмір өтіп барады-ай.
Сен де арманда, Ғазиза, мен де арманда,
Екі ғашық жылайды айрылғанда.
Ғазиза қарақ-ай,
Өмір өтіп барады-ай.
Менің аулым Бескөлдің бойындағы,
Сені неге ұмытам ойымдағы.
Ғазиза қарақ-ай,
Өмір өтіп барады-ай.
Кетер болсаң, Ғазиза, аманда бол,
Аманда бол дегенім санамда бол.
Ғазиза қарақ-ай,
Өмір өтіп барады-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: