Ғалия (2-нұсқа) (текст)

Айым да сен, Ғалия-ау, күнім де сен.
Оң қабағым тартады күлімдесең.
Менің көңілім, Ғалия, дауаласын,
Ауған түйе секілді бейімдесең.

Қайырмасы:
Ойпыр-ау, жан сәулем,
Ғалия-ау, бетіңнен,
Әппақ қардай етіңнен,
Бір күн ауру, бір күн сау,
Жазылдың ба дертіңнен.

Нұр- сипатың Ғалия — жамалыңыз,
Ешбір жанға тимесін залалыңыз.
Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан,
Әлдеқалай болады заманымыз.

Қайырмасы:

Айдың көзін жалт етіп бұлт алсын,
Бүйте берсең жүйкемді құрытарсың.
Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан,
Қай қылығын қалқаның ұмытарсың.

 

Сөзі: Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы (1868-1919)

Әні: Балуан Шолақ

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: