Ғашығымсың (текст)

Сүйгенім жанымдасың,
Сен менің жұлдызымсың.
Өзіңсің жан саяулым,
Өмірлік мазмұнымсың.
Сен болсаң ғұмарымда,
Бақытым да, сырым да.
Көздерің мөлдіреген,
Нәр берді ме жыры ма?!
Асылымсың, ғашығымсың,
Жүрегімде сенсің.
Жұлдыз бағын бірге, жаным,
Аралаймыз, келші…
Мен үшін бір өзіңнен
Ешнәрсе керек емес.
Тек қана қасымда бол,
Бұл өмір өтер емес.
Білерім осы ғана,
Өзіңнен сұрағаным.
Жанымды сүйе білген,
Өзіңді бағаладым.
Асылымсың, ғашығымсың,
Жүрегімде сенсің.
Жұлдыз бағын бірге, жаным,
Аралаймыз, келші…

 

Сөзі: Қ. Мырзалиев

Әні:

Орындаушы: Дана

Видеоға сілтеме: