Ғашықтар қаласында,
Жұлдыздар арасында.
Келеміз толқып-тасып,
Сезімнің шарасында.
Көрдім мен шаттығыңды,
Шапағатыңды.
Аяулы пәктігіңді,
Кіршіксіз махаббатыңды.
Көктеме түнінде бұл,
Тоңдың ба, дірілдедің.
Біресе өкпеледің,
Біресе күлімдедің.
Көрдім мен шаттығыңды,
Шапағатыңды.
Аяулы пәктігіңді,
Кіршіксіз махаббатыңды.
«Сүйем!» — деп, мойындарсың,
Лапылдап, жалындарсың.
Іңкәрлік белгісіндей,
Кеудеңде әнім қалсын.
Көрдім мен шаттығыңды,
Шапағатыңды.
Аяулы пәктігіңді,
Кіршіксіз махаббатыңды.
Сөзі: Төрегелді Тұяқбаев
Әні: Марат Ильясов
Орындаушы: