Өмірдің аяқ — ақпаны,
Жүректен сая таппады,
Мейірімнің аптабы,
Ақылы, Ары — мақтаны.
Жалынын жастық шақтағы,
Ұрпаққа сый ғып сақтады,
Қазағымның қарттары.
Қарашы, досын, тұр-дағы
Ауылға әсем қырдағы.
Махаббат тұнған гүл бағы,
Қызғалдақ өскен қырлары,
Елімнің сұлу сырларын,
Паш етіп көктем жырлады,
Қазағымның ұлдары.
Секілді мұнар шыңдағы,
Есіңнен кетпес тұз-дәмі.
Жаз болып атар күз таңы,
Өзіңді құшса қыз жаны.
Соқса да тұрмыс ызғары,
Ұясын алтын бұзбады.
Қазағымның қыздары.
Құдыреті — шырын гүлдегі,
Жұлдыздай нұрлы түндегі.
Шашуы — шуақ күндегі,
Ауылы баққа іргелі,
Даламмен үндес үндері.
Толқытып жанды биледі,
Қазағымның күйлері.
Ақ нөсер болып ашылған,
Қуатын алған жасыннан.
Шұғыла — арман шашылған,
Бойыма сіңген жасымнан.
Самал боп ескен ән лебі,
Өмірдің тозбас сәндері,
Қазағымның әндері.
Сөзі: Жарылқасын Тұрлыбеков
Әні:
Орындаушы: Жарылқасын Тұрлыбеков