Қазақ ССР-інің гимні (текст)

Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда,
Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бірлікке,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Дақ салмай Лениннің жеңімпаз салтына,
Ұрпағы қосты даңқ Отанның даңқына.
Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры,
Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді достыққа,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Іргелі мемлекет, ерікті болдық ел,
Достықпен, бірлікпен жайнайды туған жер.
Еңбекке, майданда жеткізген жеңіске,
Данышпан партия – сүйікті кемеңгер.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді достыққа,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

 

Сөзі: Х. Мұхамедханов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мүсірепов

Әні: М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: