Қайдасың (текст)

Моншағын тағып алып сағыныштың
Мендегі сезімді алып ұштың
Артпашы кінә тек, қалыппын ұнатып
Көнілге бір күдік ұялатып
қайырмасы:
Жетермін деуменен, жарысып желменен
Тағатсыз сенделем қайдасың, қайдасың
Аралап ай ішін, шарласам жер ішін
Жетерме дәл күшім қайдасың
Жауынды күнгі жай отындайсың
Жанардың мөлт еткен жасындайсың
Жан едім ақ тілеу, жолығар бақ біреу
Ерімей қойды ғой ақ қырау
қайырмасы:
Жетермін деуменен, жарысып желменен
Тағатсыз сенделем қайдасың, қайдасың
Аралап ай ішін, шарласам жер ішін
Жетерме дәл күшім қайдасың

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Ердос Қанаев

Видеоға сілтеме: