Біздің ел жүруші еді тауды жайлап,
Көкорай шалғынына бие байлап.
Әй, уәй.
Жастықтың жалындаған әсерінде
Жүруші ек сұлулармен күліп-ойнап.
Әй, уәй.
Қайран заман,
Секілді асау құлын
Байланбаған, әй, уәй.
Жігіті біздің жақтың сылқым, сері,
Той-думан, ойын-сауық жүрген жері.
Әй, уәй.
Асыр сап құлын-тайдай ойнақтаған,
Әркімнің өзіне ыстық туған жері.
Әй, уәй.
Қайран заман,
Секілді асау құлын
Байланбаған, әй, уәй.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: