Өртенген сен дегенде, жаным жалын,
Аңсағам, алабұртқам, сағынғанмын.
Тұрғанда Күнің туып, қайран қазақ,
Қайтпауың ата жұртқа неғылғаның?!
Қайт қазақ, еліңе, жеріңе — төріңе,
Қайт қазақ, өсіп-өнер мекеніңе.
Қауышып бөлінгендер мауқын басып,
Табысып жатыр бәрі жақындасып.
Сені де күтіп отыр жерің, елің,
Қазағым, қапы қалмай, қайтуға асық!
Қайт қазақ, еліңе, жеріңе — төріңе,
Қайт қазақ, өсіп-өнер мекеніңе.
Тойланбас тозып жүріп тапқан бақыт,
Жібімес жүрек шері жатқан қатып.
Тәңірім, қайтқан елге жар бола гөр,
Асырып мәртебесін аспандатып!
Қайт қазақ, еліңе, жеріңе — төріңе,
Қайт қазақ, ата-бабаң, мекеніңе!
Құр қалар ұмтылмаған сабағадан,
Қайырымын қайталамас мына жалған.
Бас қосып, бауырымыз бүтінделмей,
Жеткізбес бұлаңдаған, сірә да, арман!
Қайт қазақ, еліңе, жеріңе — төріңе,
Қайт қазақ, өсіп-өнер мекеніңе.
Сөзі: Н. Бәдіғұлов
Әні: А. Қоразбаев
Орындаушы: