Сұрасаң руымды – Қаракесек,
Досымнан дұшпаным көп қылған өсек.
Үстінде шәйі мамықтың толықсушы ем,
Жатқаным қу қара жер болып төсек.
Міндім де қаракөкпен жылыстадым,
Бардым да Қараөткелге жыл қыстадым.
Науқасым жанға батып жатқан кезде,
Болмады жан ашитын туысқаным.
Сөзі: Мәди Бәпиұлы (1880-1924)
Әні:
Орындаушы: