Қаракөз (8-нұсқа) (текст)

(“Қыз Жібек” операсынан)

Жете алмай жолда шаршап тұрған кезде
Бір ғана елес берші, сәулем, көзге.
Аққуым айдын көлде жеке жүзген,
Көңілімде көлеңкем жоқ сенен өзге.

Ақсұңқарым, Жібегім,
Жалғыз сенде тілегім.
Сегіз жылдай сергелдең
Сені ойлап жүдедім.
Ой, сүмбіл шаш, сенсің уайым,
Беу, жұбайым,
Түскенде сен есіме не қылайын.

Сұм жалған сегіз жылдай қолды матап,
Жолыңа шыға алмадым сарбас атап.
Аққуым айдын көлде жеке жүзген,
Жүрдің бе іліктірмей жаман атақ.

Ақсұңқарым, Жібегім,
Жалғыз сенде тілегім.
Сегіз жылдай сергелдең
Сені ойлап жүдедім.
Ой, сүмбіл шаш, сенсің уайым,
Беу, жұбайым,
Түскенде сен есіме не қылайын.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: