Қарағым, айналайын, қара қасым,
Жібектей қара мақпал қара шашың, еркем-ай.
Еліктің лағындай егілемін,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай.
Қараторғай, қарағым-ай,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай.
Қамыстың ат байладым сабағына,
Адамның дос болмағын жаманына, еркем-ай.
Адамның дос болсаңыз жаманына,
Дұшпанның тастап кетер табанына, еркем-ай.
Қараторғай, қарағым-ай,
Дұшпанның тастап кетер табанына, еркем-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: